Алматыда белгілі өнер қайраткерлерінің құрметіне бірнеше көше аталуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық мәслихатқа сілтеме жасап.
Қала тұрғындарынан мегаполис көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімдерін беру туралы өтініштер келіп түсті.
Мәслихат шешімінің жобасы бойынша даңғылдың бір бөлігін қайта атау жоспарлануда. К.Тимирязев көшесінен Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылына дейін Ю. Гагарин даңғылын Ермек Серкебаев даңғылына, Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников есімін, Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданындағы атаусыз көшеге беру жоспарлануда. Юрий Померанцевтің есімі қаланың Бостандық ауданындағы атаусыз көшеге беріледі.
Шешім жобасы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілетін болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!