Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Серік Шәпкенов туралы не белгілі?
Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, мамандығы - экономист-математик.
Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:
- 2000 жылдан бастап - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
- 2001 жылы - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
- 2002 жылғы маусымнан бастап - Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы; 2003 жылы - бас маманы.
- 2006 жылғы қаңтар - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы.
- 2006 жылғы наурыз - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
- 2007 жылғы қаңтар - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.
- 2007 жылғы қазан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
- 2009 жылғы қыркүйек - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
- 2014 жылдан бастап - Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2016 жылы - Атырау қаласының әкімі.
- 2018 жылы - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- 2020 жылы - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
- 2021-2022 жылдары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
- 2022 жылғы 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова