Серік Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.
1999-2000 жылдары Инвестиция тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры, ал 2001-2005 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры болған. Ол 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарған.
2008-2014 жылдары ҚР премьер-министрінің кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі болса, 2019 жылдан 2021 жылдың 27 қаңтарына дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 27 қаңтарда ол ҚР Үкіметінің қаулысымен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.