Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды

Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Серік Жұманғарин туралы не белгілі?

Ол 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Мәскеу энергетикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. 

1993-2004 жылдары кәсіппен айналысқан.

2005-2006 жылдары - Ақтөбе қаласының Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жылдары - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директоры.

2008-2010 жылдары - Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары - "NadLoc жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары - Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары - өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары - Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жылдары - ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі.

2020-2022 жылдары - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жылдары - премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 21 желтоқсанда премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!