ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов апат орнында.
Үкімет мүшелерінің міндеттері - апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көпқабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.
Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!