Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған.
Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2011-2012 жылдары ҚР МСМ Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технология және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы,
2012-2014 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры,
2014-2018 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары,
2018-2019 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы,
2019-2021 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары,
2021 жылы "Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы" РҚБ бірінші вице-президенті,
2021-2023 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі,
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Алматы" олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директоры болып қызмет етті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!