Дженнифер Энистон, Крис Пратт, Риз Уизерспун және Сильвестр Сталлоне сериалдарға түскені үшін ең жоғары гонорар алатын Голливуд жұлдыздарының рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Massaget.kz Variety басылымына сілтеме жасап.
Актерлер сериалдың бір эпизодына түскені үшін 2 миллион доллар алатын болған. Уизерспун мен Энистон осындай гонорарды Apple TV+ платформасының "The morning show" сериалындағы жұмысы үшін алған. Пратт Amazon Prime Video платформасының "The terminal list" экшн-триллеріндегі басты рөлі үшін, ал Сталлоне Paramount+ платформасының "Tulsa king" драмедиіне түскені үшін иемденген.
Екінші орынға Кеннет Брана жайғасты. Ол көрермендерге, соның ішінде, "Harry Potter and the Chamber of Secrets" фильміндегі профессор Златопуст Локонс рөлімен танымал. Актер Paramount+ платформасында жарыққа шығатын, шотландиялық жер иесі туралы "Laird" сериалындағы басты рөлі үшін әр эпизодқа 1,4 миллион доллар алады.
Үшінші орынды "Shrinking" сериалының жұлдыздары Харрисон Форд пен Джейсон Сигел бөлісті. Олардың әрқайсысының бір эпизод үшін алатын гонорары — 1,3 миллион доллар.
Олардан кейін "Dutton Ranch" сериалына түскен Келли Райли мен Коул Хаузер тұр. Актерлердің әр эпизод үшін алатын ақысы — 1,2 миллион доллар. Ал "Shining Girls" сериалының жұлдызы Элизабет Мосстың гонорары 1,1 миллион долларға жеткен.
Николас Кейдж, Селена Гомес, Джуд Лоу, Роберт Де Ниро, Эндрю Гарфилд, Дженнифер Гарнер, Зендея, Мартин Шорт және Алан Ричсонның ең жоғары гонорарлары бір эпизод үшін 1 миллион долларға жеткен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!