Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды.
Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!