Сербияда Қазақстан азаматы қаза тапты

Сербияда Қазақстан азаматы қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Сербияда Қазақстан азаматы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сербияда қаза тапқан Қазақстан азаматының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар, қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мәселе министрліктің бақылауында екені айтылды.

Бейресми ақпарат бойынша қыз Белград қаласындағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Қаза тапқан қыздың әкесі бейнеүндеу жариялап, мән-жайды білетіндерден хабарласуды өтінген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget