Сербия президенті Александр Вучич Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан ерекше сый алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды.
Сербия президенті әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін, ал өзі Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын да айтты.
Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бұл кеш соның тағы бір дәлелі екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, 18 қарашада Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алды.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтетіні, Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайтыны айтылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз