Әлеуметтік желіде Өскемен әкімі Жақсылық Омардың халық арасында ән айтып тұрған видеосы тарады. Кадрлардан Наурыз мерекесіне байланысты іс-шара өтіп жатқаны байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкім Құрмаш Маханның "Кездесу мен қоштасу" атты әнін орындаған.
"Өскемен әкімі орталық алаңда халықпен бірге ән шырқап тұр", - делінген жазбада.
@dddudiii #Өскемен #ЖақсылықОмар #Караоке #Ән #Наурыз ♬ оригинальный звук - Duman K.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі жағымды пікірлер жазған.
"Осындай әкіммен мақтанайық", "Керемет, дұрыс осылай халықпен бірге ән салып жүрген", "Кімді ұмыта алмай жүрсің, Жәке", "Әнші екен ғой", "Тамаша орындау", - дейді пікір жазғандар.
Айта кетейік, шенеунік 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы болып еңбек жолын бастаған. Ол - 2018 жылғы тамыздан бері Өскемен қаласының әкімі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!