Сенсация! Ғалымдар коронавирусқа қарсы шөпшай ойлап тапты

Сенсация! Ғалымдар коронавирусқа қарсы шөпшай ойлап тапты

Павлодар облысында дәрілік шөптерді кәдеге асырғалы жатыр. Ұзақ уақыт зерттеу жүргізген өңірдегі ғалымдар фитобизнесті дамытуға мүмкіндік бар екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысында дәрілік шөптердің 200-ге жуық түрі өседі. Табиғаты әсем Баянауыл жерінде жайқалған өсімдіктердің дәрілік потенциалы жоғары. Биология ғылымдарының кандидаты Виктор Камкин әріптесімен бірге екі жылдан бері дәрілік шөптерді зерттеп жүр. Өсімдіктер жайлы кітап шығарып, ғылыми еңбек те жазған. Оның пікірінше, коронавирус пандемиясы иммунитет көтеретін дәрілерге сұранысты арттырған. Ал адамға күш қуат беретін дәрілік шөптердің маңызы зор.

"Павлодар облысының аумағында дәрілік қасиеті бар шөптердің 192 түрі өседі. Солардың бірі мынау - "Иван шәй" деп аталатын шөп. Мұны демдеген кезде түсі кәдімгі көк шайға ұқсайды. Ал кезінде мұны қазақтар да пайдаланған. Олар бұған тобылғы қосып түсін өзгерткен. Содан ел арасында күрең шай аталып кеткен. Зерттеуіміздің қорытындысы жақсы нәтиже берді. Дәрілік шөптің химиялық және фармакологиялық құрамы адам ағзасына пайдасы мол екенін көрсетті. Әлбетте, коронавирусты жойып жібермейді, бірақ оның жұғуына жол бермейді немесе инфекцяның жеңіл өтуіне ықпал етеді", - дейді ғалым Виктор Камкин.

Бұл өсімдікті сонау патша өкіметі заманында Кереку жерінен орыстың Иван есімді ғалымы тапқан. Содан ел арасында "Иван шәй" аталып кеткен. Мамандар оны арнайы алқаптарда өсіріп, фитошай өндірісін дамытуды ұсынып отыр.

Павлодар облысындағы Баянауыл ауданының биоалуандылығы дәрі шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша, нарықты отандық шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.

Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz