- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сенсация! Александр Бубликтің...
Сенсация! Александр Бубликтің Дубайдағы матчы күтпеген жайтпен аяқталды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Александр Бублик әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік теннисші Андрей Рублевпен кездесті.
Алғашқы екі сет те тай-брейкке дейін созылды. Оның алғашқысында ресейлік теннисші, екіншісінде қазақстандық теннисші жеңіске жетті.
Үшінші сетте Александр Бублик 6:5 есебімен алға шыққанда қарсыласы төрешіні балағаттағаны үшін ойыннан қуылды.
Осылайша, қазақстандық теннисші 6:7(4:7), 7:6(7:5), 6:5 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің финалына өтті!
Матч 2 сағат 31 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 21 эйс пен алты қос қателік жасады және төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал ресейлік теннисші төрт эйс пен екі қос қателік жасап, 14 брейк-пойнттың тек үшеуін өз есебіне жазды.
Енді ол ақтық сында тағы бір ресейлік, әлемнің 4-ракеткасы Даниил Медведев пен франциялық теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Уго Умбер матчының жеңімпазымен ойнайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан