Астанада сеніп тапсырылған 159 млн теңгені жымқырғандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС бас директоры Б.Наханов, оның орынбасары А.Мукатаева және ЖШС бас менеджері Р.Сидиковқа қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыптау үкімі заңды күшіне енді.
Сот талқылауы барысында сотталушылар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен өздеріне сеніп тапсырылған 159 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны айыптаумен дәлелденген болатын.
Алайда, жабдық толық жеткізілмеді, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді немесе ақаулы болды. Сидиковтің рөлі бақылаудағы кәсіпкерлерді табу және бейнебақылау жүйелерін өз бетінше орнату болды. Наханов пен Мукатаева қабылдау актілеріне қол қойып, айқын бұзушылықтарға қарамастан мердігерлерге төлем жасаған.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот сотталғандардан келтірілген шығынды да өндірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!