- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сенің ойыншығың емеспін..."....
"Сенің ойыншығың емеспін...". Сотта Нүкенованың жазбасы оқылды
Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысы барысында Салтанат Нүкенованың телефоны, соның ішінде WhatsApp-тағы хат-хабарлары, суреттер мен жазбалары зерттелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокурор Айжан Аймағанова Нүкенованың телефонынан жазбаларды оқыды. Онда Салтанат Нүкенова Бишімбаевпен арадағы жанжалдар өзіне қатты әсер ететіні жөнінде айтады.
"Сәлем, жаным! Мен де суреттерге қарап, жүрегім ауырады. Сені жақсы көремін және мен үшін жасаған істеріңді бағалаймын, сенің күш-жігерің мен тырысып жүргеніңді де көремін. Бірақ қарым-қатынасымызды түсіндіруден, махаббатымды дәледеуден шаршап кеттім. Бұл өмір емес, сенің ойыншығың емеспін, балаң емеспін. Үнемі қорқытып, бір нәрсені қайталай беретіндей, байқасаң, мен де ақылсыз емеспін. Мен нені және қалай істеу керегін тыңдағым келмейді. Әрбір жанжалдан кейін бір тәуліктен кейін өз-өзіме келемін. Одан кейін өз ісіммен айналысуым керек, сені күлімсіреп қарсы алуым керек. Шаршап тұрсам, Құдай сақтасын. Махаббат пен неке баянды бақыт әкелуі үшін сенім мен құрмет қажет. Әйтпесе біздің күш-жігерімізден не пайда, бәрі картадан жасалған үй сияқты құлайды", - деді ол.
Еске салайық, 3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова