Қазақ титаны Алмат Жұманов ирандық Халк Саяд Гарибиге қарсы жекпе-жек алдында үн қатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бәсекелестер бокс ережелері бойынша жекпе-жекті 31 шілдеде Dubai P7 Arena-да (Дубай, БАӘ) өткізеді.
"Жекпе-жекке сен шақырдың, мен келдім. Бұл - өміріңдегі басты қате. Жекпе-жек сен үшін қатты қиын болады. Рингтегі кездесуде көріскенше", - деді қазақстандық.
Айта кетейік, бұған дейін олар көз арбасу кезінде төбелесіп қалған болатын.