- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сенімдісіз бе?" Министрлер...
"Сенімдісіз бе?" Министрлер келесі жылы өз қызметінде қалуы туралы сұраққа жауап берді
Министрлер кабинетінің мүшелері "жаңа жылда жұмысын жалғастыруға дайын ба" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысы кулуарында журналистер Премьер-министр Әлихан Смайылов тапсырманы орындай алмайтындар өз еркімен жұмыстан кеткені дұрыс деп ескерткеннен кейін, министрлерге жұмыстан кету ниеттері бар ма деп сұрақ қойды.
Премьер-министрдің сөзіне кейбір министрлер былай пікір білдірді.
"Бағаны мен емес, біз мемлекеттік қызметші ретінде қызмет көрсетіп жатқан адамдар беруі керек шығар. Сондықтан жұрт, халық бағасын береді. Мен жеке өзім дайынмын (жұмыс істеуге – еск.)", - деді ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та алдағы уақытта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
"Мен өз жұмысымды атқарып жатырмын. Сондықтан, Президент: "Жасай бер" деп тұрғанда, орындай беремін. Жұмыс істеуге дайынмын", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
"Мен ашық жауап беремін, иә, егер маған сенім артса, жеке өзім жаңа жылға аяқ басуға дайынмын", - деді вице-премьер Роман Скляр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз жұмысын бағаламауды жөн көрді.
"Маған және менің министрлігіме биылға берілген тапсырмаларды орындап жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда, егер мен тапсырманы орындасам, басшылық бағалайды. Егер мен оны сапалы орындадым деп есептесе, онда Президент, Премьер-министр "істей алады" деп (жаңа жылда жұмыс - еск.) айтар. Әркім өзін-өзі бағалай алмайды. Бірақ біздің бағамыз халықтың өміріне қатысты", - деп түсіндірді министр.
Журналистер сұрағына жауап берген қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев дәл осындай сұрақты өзіне қойғанын мойындады.
"Мен не айтарымды да білмеймін, өйткені әлі жұмыс істеп жатырмыз. Бізде тиісті нұсқаулар бар. Ал келесі жылы не болады және қандай жағдай болады, бұл менің құзыретімде емес. Бұл сұраққа өзім жауап бердім: Мен өзімді көремін", - деп түсіндірді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина