“Сендім саған, сенімімді құлатпа“. Димаштың жаңа әні жарыққа шықты

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Ризамын тағдырға" деп аталатын жаңа ән шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жаңа әніне түсірілген видео жариялады. 

"Ризамын тағдырға". Керемет экспромт видео үшін достарыма рақмет. Ерлан Бекчурин мен Ринат Гайсинге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздерге ұнайды деген ойдамын", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, жаңа әннің композиторы - Қайырғали Қожанбаев. 

Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысы қазақстандық тыңдарман арасында ғана емес, шетелдік жанкүйерлер тарапынан да жақсы қолдауға ие болып жатыр. Оны желі қолданушыларының түрлі тілде жазып жатқан пікірінен байқауға болады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!