Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, таңертең жариялаған видеолары үшін әпкесі қоңырау шалып, ауыр сөздер айтқан.
"Құрметті ағайын, менің таңда айтқан сөзіме кешіріммен қараңыздар. Қазір маған әпкем қоңырау шалып "сен бізді ұятқа қалдырдың, менің сендей сіңлім бар болғанына өкінемін" деп, қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды. Өмір сүре берсін. Мен де өлемін, мен мәңгілік емеспін. Сүлеймен де өлген, патшалардың бәрі өлген. Басымды қатырмаңдар. Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің аруағы қолдасын", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарының талқысына қалғаны хабарланған болатын.
Әнші кейде "өмір ережесін" бұзып тұрған да дұрыс екенін айтады.
"Жалпы мен өмірге ризамын, әрбір күнім үшін Аллаға шүкір деймін. Ешкімге ренішім жоқ. "Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой, анда-санда бұзып қой" деген сияқты, бұзатын кездерім болады. Сіздер, 90 пайызыңыз мені кешіресіздер, 10 пайызыңыз "оңбаған, әнші емес, алқашсың" дейсіздер", - дейді әнші.
Желі қолданушылары әншінің сөйлеу мәнері мен сөздеріне қарап, оны масаң күйде деп топшылаған.
"Құрметті менің жанашырларым, мені жақсы көретін жандар, мені жек көретін жандар!
Тағы бірнәрсе айтайын, айтқаным айтқан, мен жариялаған видеомды өшірмеймін. Кім қалай түсінсе, солай түсінсін. Мен қырылдап тұрсам, бәрібір ішіп алды дейсіңдер. Ауырып, дауысым бұзылып тұрса, тағы да ішіп алды дейсіңдер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағымды, шайымды ішіп, үйді жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан келіншек емес, қатынмын. Ал ұрып алсаңдар, ұрып алыңдар! Түсінбесеңдер, түсіңбеңдер!", - дейді әнші видеода.
Кейінірек өнер иесі оқырмандарының өтініші бойынша видеоны өшіріп тастады.
"Жақсы, бәрі жақсы. "Видеоны өшір" дейтін адамдарға, өшірдім. Ал не өзгерді? Мен өшірсем, өмірлеріңіз өзгеріп кете ме? Бәрібір мен өзімнің жүрегімдегі сөзді айттым. Мен қашқан жоқпын. Бірақ сіздер "өшір, өшір" дедіңіздер, мен видеоны өшіргеннен алтын боп кетемін бе? Басымды қатырмаңыздаршы, сіздерге қарап өмір сүруден шаршап кеттім", - деді ол тағы бір видеосында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!