- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сендер ұятсыз екенсіңдер"....
"Сендер ұятсыз екенсіңдер". Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне неге үй әпергенін айтты
Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне Шымкент қаласынан пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Аналар бар жақсыға лайықты. Үйіңіз құтты болсын асыл енешім. Мамам үйге келгенде құт-береке орнайды ғой, үйдің аурасы өзгеріп күштіі болып кетеді. Енді Ару апасымен күндіз түні бірге. Қуана білгенге құт қонады. Жұғысты болсын! Енді енемізбен көрші боламыз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш алғашында енесі оны жақтырмағанын да жасырмады.
"Бастапқы кездерде енем Арсенді менен қатты қызғанып, мені онша жақтырмайтын. Мен де енеме жақын емес едім. Мамамды қатты сыйлап, жақсы көріп кетуіме өзімнің анам себепші болды. Өз мамам "Мереке, сенің енең екі ұлын өзі жалғыз өсірді. Солар үшін өмір сүрді. Ұлдарын үйлендірді. Ал өзі үйінде жалғыз, күнде түнде қорқып ұйықтап, қорқып тұрады. Сендер ұятсыз екенсіңдер. Сендердің орындарыңда болсам енеңді қолыма алар едім. Бала-шағаң әжесін күнде көріп өседі. Арсеннің де көңілі тоқ болып жүрер еді" дегенде жылап жібердім. Енемді қатты жақсы көріп кеттім. Өзімнің нашар қатын екеніме көзім жетті. Сөйтіп сыйлық жасап, қыдыртып жіберейік деп Шымкентке шақырып алдық. Жақында туған күні", - деп жазды Мереке Қалбаева.
Енесі мұндай қомақты сыйлық күтпеген болса керек, видеода қатты қуанғаны көрініп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева