- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сенбеймін". Мәдина Ералиеваның...
"Сенбеймін". Мәдина Ералиеваның ұлы анасы туралы ел естімеген естелігін айтты
Танымал әнші Мәдина Ералиеваның ұлы Арсен Ералы Stan.kz Youtube-арнасына берген сұхбатында өнер иесі қандай ана болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өте ауыр сәт болды. Анамның қайтыс болғанын Нағима Есқалиева естіртті. Кешкі уақыт, 27 күні, кешкі сағат 9-10 шамасында үйге телефон шалды. Орысшалап "Мен Нағима апаңмын. Сенімен кездесуім керек, үйіңе барамын" деді. Мен таңғалдым, былай өмірі хабарласпайтын адам еді. Біртүрлі болып қалдым. Далаға шықтым, келді. Жанында үлкен кісілер бар. Естіртті. Мен сенбедім. Шынымды айтсам, анамның қайтыс болғанына әлі күнге дейін жыламадым. Әлі күнге дейін көзден жас шыққан жоқ. Әлі күнге дейін күтіп жүрген сияқтымын", - деді Арсен Ералы.
Өнер иесінің өмірден өткеніне биыл 24 жыл болған. Марқұм Мәдина Ералиева көзі тірісінде биыл 70 жасқа толар еді.
"Әлі бір кіріп келетіндей көрінеді. Өмірімде қиын сәттер болғанда анаммен сырласамын, оның әндерін тыңдаймын. Ол маған күш қуат береді. Мен оны сеземін. Кеңсайға, анамның бейітінде барғанда тыныш болып тұрса да жел соғады. Өмірдің ситуациялары да солай, қандай да бір қиындық, проблема шықса, соның шешімін табуға анам көмектеседі. Ол кәдімгідей білінеді. Анаммен қайта қауышу мүмкіндігі туса, оған бір сыйлық сыйлар едім. Көзі тірісінде сыйлық сыйламадым. Бір отырып, жақсылап сөйлесуші едім. Оның тағдыры қиын болғанын енді ғана түсініп, сезініп жатырмын", - дейді ол.
Әншінің ұлы Мәдина Ералиева қандай ана болғанын айтты.
"Анам үйде тыныш отырмайтын. Өте еңбекқор, тазалықты талап ететін. Бұдан басқа, жауапкершілікті алуға үйрететін", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек