"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 22 сәуірде найзағай, жел және шаңды дауылға байланысты республиканың 10 өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік болады.
Ақтөбе облысында түнде оңтүстікте, батыста, күндіз орталықта, облыстың шығысында батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыста найзағай соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші - 15-20 м/с, шаңды дауыл болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, ал түнде облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел тұрады, екпіні түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші - 15-20 м/с.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!