- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сенбіде еліміздің басым...
Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
16 шілдеде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді. Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.
Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы