"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 8 ақпанда Алматыда, Астанада және Шымкентте елдің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, ал Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауады, тұман түседі.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.
Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!