- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
Сенбіде 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 16 қарашада елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман.
Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түседі.
Шымкентте түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан