- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сенаттың жаңа спикері...
Сенаттың жаңа спикері кім болады? Әшімбаев жауап берді
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Сенатор Мәулен Әшімбаев Парламенттің жоғарғы палата спикері кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін журналистер Әшімбаевтан Сенат төрағасы кім болатынын сұрады.
"Мұндай шешім - Президенттің құзіретіндегі шешім. Біздің заңнамаға сәйкес, Президент спикерді ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді. Қандай шешім қабылдайтынын Президент өзі шешеді", - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев 2020 жылғы мамырдан 2023 жылғы қаңтарға дейін алтыншы шақырылымдағы Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек