Бүгін ҚР Сенаты халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, - деп жазады strategy2050.kz.
«ҚР әскери доктринасында жұмылдырудың негізгі міндеттері анықталған. Біріншіден, мемлекеттік органдарды мобилизация жүйесін жетілдіру. Екіншіден, мемлекеттік жұмылдыру сапасын арттыру. Жұмылдыру әскери уақыттағы мемлекеттік басқаруды тұрақты етеді. Жұмылдырудың басты міндеттерінің бірі нормативті-құқықтық базаны жетілдіру», – деді Өскенбаев.
Оның айтуынша, аталмыш пунктіні жүзеге асыру мақсатында ҚР ҰЭМ «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойныша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жасақтады.
«Қаралып отырған заң жобасында «мемлекеттік органдарды жұмылдыру жоспары», «әкімшілік-территориялық жоспар», «ұйымның жоспары» түсінігін бекіту туралы өзгертулер ұсынылған», - деді вице-министр.