Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышевтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары: Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан мен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбарды сайлау туралы ұсыныс енгізді. Ұсынылған тұлғалардың сотта тәжірибесі бар - 33 жылдан астам. Олар сот жүйесінде беделге ие және Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын", - деді Денис Шипп.
Депутаттар екі кандидатқа да дауыс беріп, кейін Әмір Досжан ант берді.
"Мен өз міндетімді адал және саналы түрде атқаруға салтанатты түрде ант етемін. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағынып, сот төрелігін жүзеге асыруға, судья міндетіне сай, бейтарап әрі әділ болуға ант етемін", - деді Әмір Досжан.