Сенат депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Осыған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заң жобасын таныстырған сенатор Евгений Болгерт заңның негізгі мақсаты қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ, электрсамокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу екенін атап өтті.
Заңда "Жол жүрісі туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
"Заңға сәйкес:
"шағын электр көлігі құралы" ұғымы енгізіледі, онда оның техникалық сипаттамалары көрсетіледі және пайдалану тәртібі құқықтық регламенттеледі және жүргізушілер үшін тыйым салулардың тізбесі белгіленеді;
"электрсамокат" ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктив жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін орындар айқындалады, сондай-ақ, олардың жүргізушілеріне тыйым салулар енгізіледі", - делінген хабарлама.
Заңмен енгізілетін шарттар мен тыйымдар негізінде:
Заң бойынша Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінен ұсыныстар мен ескертулер түсті, оларды кеңейтілген отырыста талқылау барысында бастамашылар алып тастады. Сенаттың басқа тұрақты комитеттерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев тәртіп сақшылары самокаттардың жолдағы жылдамдығын қалай бақылауға ниетті деген сұраққа жауап берді.
"Самокаттардың жылдамдығын қалай бақылайсыз, өйткені барлық жерде, аймақта камера жоқ" – деп сұрады журналистер Сұлтанбаевтан.
"Жасырмаймын, шынымды айтсам, бүгінде полицейлердің скутердің жылдамдығын анықтайтын ондай техникалық мүмкіндіктері іс жүзінде жоқ. Егер жол апаты болса, бізде оның жылдамдығын сырғанау, тежеу жолдары және т.б. бойынша есептеудің техникалық мүмкіндіктері бар. Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның қорытындысы бойынша кінәсі дәлелденеді. Біз сот-медициналық сараптаманың қорытындысына байланысты құқықбұзушыны жауапқа тартамыз. Әзірге солай болады. Бұл тек бастамасы. Алдағы уақытта біз бақылау мәселелерін әрі қарай қарастырамыз", - деп түсіндірді Қайсар Сұлтанбаев.
Сондай-ақ, Қайсар Сұлтанбаев шлем, жүргізуші куәлігі және шағылыстыратын киімінсіз самокат тебетіндер қалай жазаланатынын айтты.
"Енді электрсамокат жүргізушілері екі бап бойынша: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін айыппұл, бұл - 620-бап, оған барлық басқа құқық бұзушылықтар да кіреді, 5 АЕК айыппұл", - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!