Сенат отырысында депутаттар Ләззат Сүйіндік кандидатурасын қолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл мәселе алдын ала Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде талқыланған болатын.
Ләззат Сүйіндік - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және "Қазпотребсоюз" Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты ретінде Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде білім алған.
Оның коммуникация саласында мол тәжірибесі бар, ұзақ жылдар бойы Ақпарат министрлігі мен "Хабар" агенттігінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!