Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының жалақысын арттыру мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде бір психолог мыңнан аса оқуға көмек көрсетіліп жүр. Салдарынан көмекке зәру бала, назар тыс қалып жатыр.
"Оқу-ағарту министрінің №224 бұйрығындағы нормативке сәйкес, психологтардың штат саны мектептегі жалпы сынып бойынша есептелген. Осыған байланысты кез келген білім беру мекемесінде психолог штаттары 0,5-тен 2 бірлік арасында қарастырылған. Мысалы, орташа есеппен 1,5 мың бала оқитын мектептерде 60, ал 4500 және одан да көп оқушы бар білім беру ошағында 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2 мың оқушыға және ерекше білім беру қажеті бар балаларға қызмет көрсетіп жүр. Психологтың үлкен жүктемесі болуына байланысты, нақты мұқтаж адамға көмек берілмейді", - деді Ғалиасқар Сарыбаев Үкімет басшысы жолдаған депутаттық сауалында.
Сенатор норматовті қайта қарап, мектеп психологтарының жалақысын көтеруді ұсынды.
"1987 жылы ресми түрде мектептерге психолог штаттары енгізілді. Бірақ мамандардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбекақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде көрсетілген. Психолог ерекше мамандық екенін ескеріп, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру керек", - деді депутат.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!