Сенат депутаты Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновке жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларға жазаны қатаңдату деген бастамамен жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенатор Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновке жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза қолдану тәсілдерін қайта қарауды ұсынды. Бұл бастаманың себебі - Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың көбеюі және ережені өрескел бұзушыларға ықпал ететін тиімді шаралар болмауы.
Бірыңғай әкімшілік құқықбұзушылықтар тізілімінің мәліметінше, 2024 жылдың өзінше Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4,2 миллионнан аса дерегі тіркелген. Оның 3,7 миллионнан астамы автоматты тіркеу құралдарының көмегімен анықталған. Қожаевтың айтуынша, қолданыстағы жаза қайталанатын заңбұзушылықтардың алдын алуда тиімді емес.
"Айыппұлдар көліктің иесіне тағайындалады, алайда жүргізушінің бұған дейінгі құқықбұзушылықтары есепке алынбайды. Бұл ереже өрескел ереже бұзушыларға жылдар бойы жазадан қорықпай, жол қозғалысы ережелерін елемеуге мүмкіндік береді", – деді депутат.
Қожаев мысал ретінде Алматыда бір жүргізушінің бір жыл ішінде 143 рет ереже бұзып, 3 миллион теңгеден аса айыппұл төлегенін келтірді. Алайда 50 пайыздық жеңілдікпен бұл жүргізушілер айыппұлдарын төлеп, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұза беретінін айтты.
Депутаттың сөзінше, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдар құқықбұзушылықтарды анықтауда тиімді болғанымен, жүргізушінің дайындығы мен жолдағы қауіпті мінез-құлқын бағалай алмайды. Бұл жол-көлік оқиғаларының көбеюіне, кейде қайғылы жағдайларға әкеп соғады.
"Көріп отырғанымыздай, үнемі ереже бұзатындар үшін қазіргі айыппұлдар тиімді шара емес. Сондықтан жазалау тәсілдерін қайта қарау қажет", – деді Қожаев.
Өз сауалында депутат халықаралық тәжірибені қолдануды ұсынды. Мысалы, Германияда айыппұлдық ұпай жүйесі бар, Францияда қайталанатын құқықбұзушылықтар жүргізуші куәлігін уақытша тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін. Ал Сингапурде өрескел ереже бұзушыларды жол қозғалысы ережелері бойынша қайта оқытуға міндеттейді, тіпті кей жағдайларда автокөліктерін тәркілеуі мүмкін.
Осыған байланысты Қожаев мына шараларды ұсынды:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!