- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сенатор Гүлмира Кәрімова...
Сенатор Гүлмира Кәрімова неден қайтыс болғаны белгілі болды
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сенатор Гүлмира Кәрімованың анафилактикалық шоктан қайтыс болмағанын хабарлады.
Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, науқастың тікелей өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болған. Анафилактикалық шоктың даму мүмкіндігі туралы ақпарат расталмаған.
"Сонымен қатар жедел жәрдем дер кезінде келгенін атап өткіміз келеді. Бригада келген кезде, өкінішке қарай, науқаста өмірлік белгілер болмаған. Осыған қарамастан, реанимациялық шаралар жүргізілді. Отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз!", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 27 қаңтарда сенатор Гүлмира Кәрімованың қайтыс болғаны белгілі болды.
Ол қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болды. ОСК Каримованы 25 қаңтарда сенатор ретінде тіркеді.
Т. Раушанұлы