Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қандай сыйлық берген дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат кулуары барысында журналистер Сенат спикерінен Президент сыйлық алуды ұнатпайтыны туралы ақпарат қаншалық рас екенін сұрады.
"Ол рас. Президент туған күндерін атап өтпейді. Өзі айтқан болатын. Сондықтан ол жерде барлық ақпарат айтылған. Оған қосарым жоқ", - деді ол.
Сондай-ақ, Әшімбаев қандай сыйлық жасағанын да айтты.
"Біздің Сенаттың ең үлкен сыйлығы жақсы жұмыс істесек, дұрыс заңдар қабылдасақ, заңдар пысықталған заңдар болып жатса, Президентіміздің саясатын жүзеге асыруға қосқан ең үлкен үлесіміз - сол", - деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған. Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен. Мемлекет басшысы биыл 70 жасқа толады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтілетіні белгілі болғаны хабарланған еді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы мұндай шараларды құптамайды. Сондықтан ол күн жұмыс кестесіне байланысты өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!