Сенат Жоғары аудиторлық палата мүшесі Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ахметовтің қызметінен кету себебі белгісіз.
"Сенатқа Жоғары аудиторлық палата мүшесі қызметінен босату туралы өтініш келіп түсті. 2022 жылдан бастап ол республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің, кейін Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі болды. Сенат регламентінің 81-тармағына сәйкес, Қаржы және бюджет комитеті Рашит Сайранұлы Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, оны қызметінен босатуды ұсынады", - деді Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.
Айта кетейік, бүгін Сенат Жоғарғы Соттың екі бірдей судьясын қызметін босатты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!