- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- cудьялар
Сенат Жоғарғы Соттың екі судьясын қызметінен босатты
Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейсенбі күні Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының ұсынысын Сенат қарауына енгізді. Ұсыныс Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті зейнет жасына жетулеріне байланысты отставкаға шығу себебімен қызметінен босатуға қатысты болды.
"Сенат қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Екі судья да зейнет жасына жетті, олардың судьялық тәжірибесі сәйкесінше 28 және 37 жылды құрайды", - деді Малахов.
Сенат депутаттары судьяларды қызметінен босату туралы шешімді бірауыздан қолдады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет