Сенат ЕАЭО аясында қоймалық куәліктер туралы заңды мақұлдады

Сенат ЕАЭО аясында қоймалық куәліктер туралы заңды мақұлдады
Фото: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңын мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті бұл заң жобасын кеңейтілген отырыста талқылап, оның негізгі мақсаты ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын қолдау екенін атап өтті.

Келісімнің басты артықшылықтары:

  • Қоймалық куәліктердің айналымын қамтамасыз ету және қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру;
    Аграрлық сектордың кірістілігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамыту;
  • ЕАЭО елдерінде қоймалық куәліктерді кеңінен пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілге қойып қаржыландыру мүмкіндіктерін ұлғайту.

Келісімнің орындалуын бақылау және қоймалардың міндеттемелерді орындау жүйесі әр елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте талаптарды ЕАЭО Кеңесі анықтайды. Сенаттың тұрақты комитеттері заңға қатысты ескертулерсіз оны Сенаттың қарауына ұсынды. Құжат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мақұлданды. 

КУӘЛІКТЕР БЕС ЕЛДЕ ЖАРАМДЫ

2023 жылы 31 шілдеде 5 мемлекет қол қойған келісімді Қазақстан тарабы ратификациялап отыр. Бұл еліміз үшін ауыл шаруашылығындағы цифрландыру деңгейін одан әрі арттыруға, елдің экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Қоймалық куәліктер шығарылатын (берілетін) ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері ЕАЭО елдерінің заңнамасымен айқындалады. ЕАЭО елдерінде шығарылған (берілген) қоймалық куәліктер тізілімдеріне енгізілген және шарт талаптарына сәйкес келетін қоймалық куәліктерді осы мемлекеттер өзара мойындайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет