Сенат ЕАЭО аясында банк кепілдіктерін өзара мойындау туралы келісімді ратификациялады

Сенат ЕАЭО аясында банк кепілдіктерін өзара мойындау туралы келісімді ратификациялады
Фото: Gov.kz

2025 жылғы 9 қаңтардағы пленарлық отырыста Сенат депутаттары мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара мойындау туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесі қабылдаған №259 қаулыға сәйкес Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахараның оңтүстігіне қарай Африка елдеріне және Иракқа шектеулі және біртіндеп таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу және мақсаты нарыққа бағдарланған ашық экономикаға көшуге, сондай-ақ жеке және кәсіпкерлік бастаманы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде, Моңғолияда, Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізіндегі банкке мүше елдерде және Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы банкке мүше елдердің шектеулі санында дамытуға одан әрі жәрдемдесу болып табылады. Банктің қаралып отырған актілерді қабылдауы банкке мүше мемлекеттердің, сондай-ақ алушы елдердің экономикалық саладағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге арналған", - деді сенатор Серік Өтешов.


Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстанға инвестициялар көлемі елдегі жұмыс басынан бері 332 түрлі жоба шеңберінде шамамен 11 млрд доллардан асты. 

"Қазіргі уақытта Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстандағы портфолиосының жалпы сомасы 3,1 млрд доллары 127 белсенді жобаны қамтиды, оның ішінде жобалардың негізгі портфолиосының тұрақты инфрақұрылым секторына тиесілі. Жеке секторға салынған инвестиция 46%-ға жетті. Келісімнің 1-бабына түзетулер енгізу Қазақстанның Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен, сондай-ақ Африка және Жерорта теңізі елдерімен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін болады", - деді депутат.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет