Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды. "Патриот" Telegram-арнасының мәліметінше, Астана полициясы депутаттың өлімінде қылмыс құрамының белгілерін таппады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін "Патриот" Telegram-арнасына Астананың ПД басшысының орынбасары Қуаныш Орынбетов қылмыстық іске қатысты пікір білдірген.
"Гүлмира Кәрімованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты соталды тергеу жүргізілді. Бүгінде тергеу қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағы тәртібімен, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бұл істі қадағалаған Прокурор бұл шешімді бекітті", - дейді Қуаныш Орынбетов.
Полковник қосымша дәлелдер жинау үшін барлық мүмкіндік қарастырылғанын атап өтті. Тергеуші істе қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келді.
Еске салайық, бұған дейін жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың қайтыс болғаны белгілі болды. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, сенатордың өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болған. Анафилактикалық шоктың дамуы туралы ақпарат расталмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!