- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Олимпиада жүлдегерлері
Сенат дарынды оқушыларға грант бөлуді көздейтін заңды мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатты таныстырған сенатор Алтынбек Нұхұлының сөзінше, Заңның мақсаты - баланың құқықтарын қорғау, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.
"Білім туралы "Қазақстан Республикасының заңында білім беру саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде стратегиялық реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру жөніндегі құзыреті белгіленеді. "Дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі норма көзделеді. Заңда дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру үшін халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурстан тыс мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі норма да бар", - деді сенатор Алтынбек Нұхұлы.
Әзірге, гранттардың қай пәндерге берілетіні және саны қанша болатыны белгісіз. Сондай-ақ аталған заң аясында қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры құрылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет