Сенат Bereke Bank пен Tele2-ні катарлық инвесторларға сатуды мақұлдады

Сенат Bereke Bank пен Tele2-ні катарлық инвесторларға сатуды мақұлдады
Фото: depositphotos.com

Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағаннан кейін Bereke Bank пен Tele2-ні сатуына келісім берді. Бұл мәміле Катардың Power International Holding компаниясына Tele2, ал Lesha Bank-қа Bereke Bank сатылуын көздейді​, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде және одан кейінгі 20 (жиырма) жыл ішінде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы инвесторларға қолданылмайтыны туралы атап өткен жөн. Келісімді жүзеге асыру жалпы сомасы шамамен 20 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді деп күтілуде", – деп атап өтті Сенатор Бибігүл Аққожина.

Міндеттемелер

Келісімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар міндеттемелері көзделген. Мәселен, Үкімет келісімнің шарттарын өзгерте, кедергі келтіретін және жоя алатын заңнамалық актілерді қабылдай алмайды. Бұған қоса, Қазақстан Үкіметі стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қолданыстағы ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ету мүмкіндігімен келіседі және мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті түзетулерді іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Құны

Министр Нұрлан Байбазаров атап өткендей, мәмілелердің жүзеге асырылуы қыркүйек айында аяқталды. Bereke Bank-тың құны 1,89 трлн теңге, ал Tele2-нің бағасы 536,2 млрд теңге шамасында бағаланды. Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың катарлық инвесторлармен келісімінің жобасын таныстырғаны туралы жазған болатынбыз. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет