- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Сен осындай қызды...
“Сен осындай қызды іздедің ғой“. Тәуекел Мүсілім әйелімен қалай танысқанын айтты
Танымал актер Тәуекел Мүсілім Динара Сәтжанға берген сұхбатында әйелі Махаббатпен қалай танысқанын айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәуекел Мүсілім мен Махаббат Мүсілім жарнама түсірілімінде танысқан.
"Махаббатты көргенде ішкі дауысым "сен осындай қызды іздедің ғой" деді. Бұл жарнамаға дейін менде жұмыста қандай да бір қарым-қатынас бастамаймын деген принципім болған. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болды. Махаббат түсірілімді менен бұрын аяқтады. Ал менің қосымша түсірілімім бар еді. Мен ұйымдастырушылардан Махаббаттың нөмірін сұрадым. Бірақ олар алдымен Махаббаттан рұқсат сұрайық деді. Мен түсірілімді жалғастырдым. 10 минут өткен соң ұйымдастырушы жігіттер келіп, "Махаббат әлі кетпепті, сыртта отыр екен, өзің барып таныссаң болады" деді. Сыртқа шықсам, Махаббат орындықта отыр екен. Оның жанына барып, таныстым және үйіне көлікпен апарып тастауды ұсындым. Солай таныстық", – деді Тәуекел Мүсілім.
Махаббат Мүсілім – Қостанайдың тумасы. Ол Қарағандыда оқып жүріп, Алматыға ауысқан. Алматыға келгеннен кейін 2 айдан соң Тәуекелмен танысқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова