- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сен оны аяғаныңмен,...
"Сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды". Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы шындығын айтты
Қайрат Нұртастың анасы келіндері туралы бар шындығын айтты. Сөзіне қарағанда көңілі толмайтын тұстары бар сияқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуелі Гүлзира Айдарбекова өз келіндері мен ауылдағы келіндерді салыстырды.
"Ауылдағы келіндерді қарасаң, таң атпай тұрады, отынға дейін жарады. Ата-енесінің суын, шайын дайындап жатады ғой. Ал біз болсақ, "ұйықтап алсыншы", "жата тұрсыншы", "кешке қыдырса, барып келсінші" деп тұрамыз. Көп жұмсалған келін әр нәрсенің қадірін біледі. Жұмсамай жағдай жасай беріп, сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды. Көзім жеткені сол", - деп ағынан жарылды.
Гүлзира Айдарбекова, тіпті, әр келініне көмекші алғанын да жасырмады.
"Қиналмасын деп, әрбір келінге көмекші аламыз, алғысы келгенін алып, жетпей жатқанын жеткіземіз. Бала-шаға, немерелердің киімдерін де бірден аламыз. Сол негізі дұрыс емес екен. Қиналғанның не екенін, ештеңенің қадірін білмейді. Қадірін білдірткен дұрыс, бірақ оған жүрегім шыдамайды. Санасына берсін, ата-енеміз барын жасап жатыр, жасаған жақсылығына лайық болайық десе жақсы. Оны көбінесе аналары айту керек қой", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева