Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ дәстүрін насихаттаушы Зейнеп Ахметова келінін жамандайтын енелерге үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Ерлан Әбдірұлына берген сұхбатында бөлісті.
"Келінін жамандайтын енелерге айтамын. Сол келінге сенің қандай еңбегің сіңді? Сен туған жоқсың, сен түн ұйқыңды төрт бөліп, бесік тербетпедің, ауырған кезде сарылып қасында отырмадың, оның тәй-тәй басқаны, оның жүргені, оның бақшаға барғаны, ауыртпалығының барлығын ата-анасы көтерді. Оқытты, жетілдірді, дап-дайын күйі сенің қолыңа "мә" деп ұстата салды. Бүтін бір адамды. Дайын дүниеге ие бола алмасаң, өзіңнің білгеніңді соның бойына құя алмасаң, онда сен кімсің? Кез келген әйел ене бола алады, ана бола білу керек. Енді келінді сол үйге тұрақтандырып, өзіңнің үлгі-өнегеңді көрсетіп, өзіңнің ізбасарың, өкшебасарың етіп, сол үйдің отын жағып, қазанын қыратұғын ана ретінде ұстап қалу саған (енеге- еск.) байланысты", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ене мен келін арасындағы араздықтың басты себебі айтылған еді.
Тағы да оқи отырыңыз: Кейбір адамдар неге үнемі кешігеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!