- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сен енді жалғыз...
Сен енді жалғыз емессің: жеке кәсіпкерлерге арналған тегін банкинг – сенімен бірге
Өз бизнесіңмен айналысқан дұрыс па, жоқ әлде біреудің бизнесін іске асыруға қатысқан жөн бе деген ойлар – бұл талғам мен темпераменттен туындайтын пікірталастар. Әркім өзі қалағанын және күші неге жететінін таңдайды: біреулер корпоративтік құндылықтарды таңдаса, енді біреулер жоспарлары мен қиял-армандарын іске асыруға ұмтылады. Өкінішке қарай, жалғыз кеме дауылға төтеп бере алмайтын жағдайлар да кездеседі...
Карантин мен дүниежүзілік қауымдастық мойындаған құлдырау, аңыздағы Сцилла мен Харибда секілді, нарықтық теңіздегі әрбір капитанға қауіп төндіруде, әйтсе де қатердің үлкені көп жағдайда "жалғыз бастыларға", яғни жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілеріне келетін сияқты.
АТФБанк 2016 жылдан бастап шағын және орта бизнеспен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Банк бұл бағыттарды өзі үшін стратегиялық маңызды деп белгілей отырып, казақстандық микробизнес пен ШОБ өкілдеріне белсенді қаржылық қолдау көрсетеді. Осыған байланысты бұл бағытта тұрақты өсу байқалады – банктің сарапшылары кредиттік өтінімдерді қарастыра отырып, жеке кәсіпкерлердің іскерлік шеберліктеріне және шығармашылық жаңашыл тәсілдеріне үнемі көз жеткізіп келеді. Сол себепті, шындығында да шығармашыл топқа қолдау көрсету мақсатында АТФБанк өз клиенттеріне "коронавирусқа қарсы" қаржылық құралдарды ұсынады.
ATFBusiness — ДК және смартфондарға арналған онлайн-банкингтің интернет-қолданбасы. Бұл кез келген уақытта және кез келген жерде қаржыны қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық өнім.
ATFBusiness қолданбасында жеке кәсіпкерлер онлайн режимде тіркеуден оңай өтеді, қашықтан шот ашу, қашықтықтан аударымдар мен төлемдер жасау, шоттар бойынша үзінді көшірмелер және банк бөлімшесіне келу қажеттілігінсіз банк анықтамаларын алу мүмкіндігіне ие болады.
Күрделі нарықтық жағдайларда АТФБанк ЖК иелеріне осы қолданбаны тегін пайдалануды ұсынады. 30 маусымды қоса алғандағы мерзімде АТФБанк клиенттерінің командасына қосылғысы келгендер 0 теңгеге SINGLE тарифін қоса алады. Осы тариф аясында қолданбаны пайдаланушыға ақысыз негізде қашықтан шот ашу және жүргізу, карточканы шығару және жеткізу, 1% cashback, айына банкаралық 20 аударым жасау, төмендетілген тариф бойынша АТФБанктің банкоматтары мен кассалары арқылы қолма-қол ақша алу мүмкіндігі және есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге тартымды тарифтер ұсынылады.
АТФБанктің "коронавирусқа қарсы" шаралар топтамасы сондай-ақ қарыз бойынша төлемдер мерзімін 90 күнге дейін кейінге қалдыру және осындай кезеңге сыйақы төлемдерін болдырмау бағдарламасын қамтиды, 16 наурыздан бастап банк айыппұлдар мен өсімпұл есептемейді. Клиенттерден "кредиттік демалысқа" өтінімдерді банк өзінің сайтында қабылдайды.
ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету үкімет үшін де, сондай-ақ коммерциялық қаржы институттары үшін де басым маңызға ие. АТФБанк енді сенің жалғыз емес екеніңді еске салады! Біз біргеміз!
Серіктес материалы
Н. Үсенова