- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- кешкі ас
Семіздікке әкеп соқтыратын ең зиянды кешкі ас
Кешкі ас артық салмақтың жиналуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осы тұста кешкі ас үшін зиян тағамдар қатарына тұзды, майлы тағамдар кіреді. Олардың бірі - картоп қосылған қуырылған ет немесе французша пісірілген ет. Бұл туралы дәрігер-эндокринолог, диетолог Оксана Михалева айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru-ға" сілтеме жасап.
Эндокринологтың сөзінше, кешке осындай жеңіл сіңімді және жоғары калориялы тағамдарды жеу - оның құрамындағы калорияның жануына, тағамның сіңуіне жол бермейді, өйткені ауырлық сезімі бірнеше шақырым серуендеудің орнына шаршау, релаксация және жатуға деген ұмтылысты тудырады.
Сонымен қатар бұл түнде "май жағатын" гормондардың өндірісін бұзады және инсулиннің бөлінуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде висцеральды майдың пайда болуына ықпал етеді.
"Егер сіз салмағыңызды бақылағыңыз келсе, кешкі асты тым кеш ішпеген жөн (ұйықтар алдында кем дегенде 2-3 сағат бұрын ұсынылады). Оның орнына көкөністер, майсыз ет немесе балық, аз мөлшерде пайдалы жарма және сүзбе секілді тағамдарды тұтынған жөн", - деп қорытындылады Оксана Михалева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә