Қазақстанның ұлттық семсерлесу федерациясы бапкерлік штабтағы өзгерістер туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алда жаңа олимпиадалық айналым және құрама ұзақмерзімді дайындыққа кірісті.
"Біздің құрама Франция, Италия, Жапония және өзге де елдердің әлемдік көшбасшылары үшін мықты қарсыласқа айналды, бірақ біз қазіргі жетістіктерде тоқтап қалғымыз келмейді және келесі қадамға аяқ басуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат - командалық лицензияны қайталап, Лос-Анджелестен жүлдемен оралу.
Бұл үшін біз семсерлесуден бапкерлік құрамды күшейттік, ол әлемдегі үздіктердің бірі - Александр Горбачук. Ол осы кезеңде украиналық семсерлесу мектебінің өкілі, ал кейінгі 15 жылда Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпиондары атанған жапониялық спортшылармен жұмыс істеген", - деді Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуов.
Бұл федерацияның шетелдік мамандарды тарту бойынша алғашқы тәжірибесі емес. 2019 жылдан бері қылышпен семсерлесуден ерлер және әйелдер құрамаларымен украиналық бапкер-кеңесші Олександр Торчук, ал шпагамен семсерлесуден әйелдер және ерлер құрамаларымен венгриялық Ференц Тот жұмыс істеген.
Федерация өкілдерінің айтуынша, әлемдік спорттық трендтердің жылдам өзгеріп жатқаны сонша, халықаралық бапкерлік тәжірибе алмасу қалыпты жағдайға айналған.
"Әр елдің жылдан жылға жетілдіріп отыратын өз сайысу стилі бар. Егер үздік құрамалармен қатар тұрып, бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, олардан қалыспай, шетелдік бапкерлерді шақыруымыз керек.
Олар да әлемнің ең мықты семсерлесушілерінің қатысуымен өтетін оқу-жаттығу жиындарын тиімді ұйымдастыру үшін қажетті шетелдік байланыстарды айтарлықтай жақсартады. Одан бөлек, шетелдік мамандар қазіргі құрама мен жастарды оқытып қана қоймай, біздің отандық бапкерлерге де тәжірибесін бөлісіп, олардың білігін арттыруға септігін тигізеді", - деді Мирболат Әбуов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!