Париж Олимпиадасында сынға түсіп жатқан семсерлесуден Қазақстан құрамасы командалық сында Венгриядан жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан командасы ширек финалда Венгрияға 30:45 есебімен жол берді.
Енді қазақстандықтар Египет құрамасына қарсы ойнап, 5-8 орындарға таласады.
Айта кетейік, бұл бәсекеде ел намысын Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаимов қорғап жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!