Абай облысында студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта зорлау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі), сондай-ақ, балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы - 2004 жылғы студент Қ.
Айыптау қорытындысына сүйенсек, оның Семей қаласында 2022 жылғы мамыр мен 2025 жылғы қаңтарда 12 және 13 жастағы балаларға қатысты жасаған қылмыстары анықталған.
Сотталушы Қ. кінәсін толық мойындамай, соттан ақтауды сұраған.
Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова