Аумақтық сайлау комиссиясы 12 қазанда өткен Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау қорытындыларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
- Бекжасаров А.Қ. – 9763;
- Қожанбаев Ә.Н. – 89 441;
- Төлеуов Қ.М. – 12 557.
"Абай облысы Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды. Ол 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі. Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында тұрады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова